| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                Алматы қаласының Түрксіб ауданында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында "Заң мен тәртіп" жобасы аясында рейдтік іс-шара өткізілді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Рейд барысында тәртіп сақшылары және Турксіб ауданы комьюнити орталығының резиденттері түнгі уақытта заңды өкілдерінің қарауынсыз жүрген жасөспірімдерді анықтады. Сонымен қатар көңіл көтеру орындары, интернет-клубтар мен қоғамдық орындар тексерілді.
Құқық қорғау органдары балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтарын сақтау мақсатында ата-аналармен профилактикалық әңгіме жүргізіп, түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды.
Мұндай іс-шаралар жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға, олардың қауіпсіздігін нығайтуға және ата-аналардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Түрксіб ауданының құқық қорғау органдары кәмелетке толмағандардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша жұмыстарды жалғастыра береді.