Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыда тұрғын үйде жарылыс болып, бір адам қаза тапты
Жаңалықтар

Алматыда тұрғын үйде жарылыс болып, бір адам қаза тапты

02.06.2025
1 мин
0
246

Алматы қаласының “Шапағат” шағынауданында жарылыс орын алды. Алдын ала болжам бойынша, жарылысқа газ бен ауаның қоспасының тұтануы себеп болған, - деп хабарлайды  Dauletten.kz Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Telegram желісіндегі Almaty Today арнасы оқиға кезінде түсірілген видеоны жариялады. Автор кадрлардың Алматыдағы “Шапағат” ықшам ауданында түсірілгенін көрсеткен.

- 2 маусым күні сағат 13:55 шамасында Алатау ауданы, “Шапағат” шағынауданы, Биянху көшесіндегі тұрғын үй қирандыларын аршу барысында 1949 жылы туған азаматтың денесі табылды. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, газ-ауа қоспасының тұтануынан 1980 жылы салынған саман үй қирап, әрі қарай жану тіркелмеген, – деп мәлімдеді ТЖД өкілдері.

Оқиға орнында жедел штаб құрылып, оған жергілікті атқарушы органдар, Төтенше жағдайлар департаменті, кинологиялық қызмет, ТЖМ-нің Республикалық жедел-құтқару жасағы, Алматы қаласының 109 қызметі, Апаттар медицинасы орталығы және өзара іс-қимыл қызметтері тартылды.

- Қазір жедел-тергеу тобы жарылыстың нақты себептері мен жағдайларын анықтап жатыр, – деді департамент мамандары.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл