| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қаланың Әуезов ауданында үш ер адам пәтер иелерінің жоқтығын пайдаланып, тұрғын үйге заңсыз кірген, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қаскөйлер цифрлық және шағын тұрмыстық техниканы, алтыннан жасалған зергерлік бұйымдарды, сондай-ақ ақшаны қолды еткен. Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 3 миллион теңгеден асты.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті үш азаматтың жеке бастары анықталып, барлығы ұсталды.
— Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, — делінген ресми ақпаратта.