Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыда жас кітапханашыларға арналған алғашқы республикалық хакатон өтті
Жаңалықтар

Алматыда жас кітапханашыларға арналған алғашқы республикалық хакатон өтті

25.04.2025
мин
0
102
Сурет: Алматы әкімдігі

Алматыда Ұлттық кітап күніне орай алғашқы республикалық кітапханалық хакатон ұйымдастырылды. Бұл іс-шара Alatau Creative Hub орталығында өтіп, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жас кітапханашыларды біріктірді. Іс-шараны Алматы қаласының кітапханалары ұйымдастырды, оған қала әкімдігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы және Ғылым ордасы қолдау көрсетті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Елдегі кітапхана ісін жаңғыртудың көшбасшылары саналатын алматылық кітапханашылар тәжірибесін, білімін өзге өңірдегі әріптестерімен бөлісе бастады. Хакатон – тәжірибе алмасуға, жаңа қызмет түрлерін талқылауға және кітапхана саласына цифрлық технология енгізу мәселесін қарауға арналған маңызды алаңға айналды.

Бүгінде Алматы кітапханаларды жаңғыртуда жетекші орында. Мұнда тәулік бойы жұмыс істейтін 24/7 кітапханалар, автономды кітапханалар, RFID жүйесі және цифрлық оқу залдары жұмыс істейді. Бұл бастамаларды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тарапынан жоғары бағалап, өзге өңір әкімдерін мегаполистің озық тәжірибесін қабылдауға шақырған болатын.

Хакатон қатысушылары кітапхана саласын дамытуға бағытталған жобалар мен идеясын таныстырды. Алматылық жас мамандар қала әкімдігінің қолдауымен Оңтүстік Корея, Швейцария, Германия, Финляндия, Эстония және Швеция елдерінде халықаралық тағылымдамадан өтіп, шетелдік үздік тәжірибе мен оларды жергілікті жағдайға бейімдеу тәсілін айтты.

- Бүгінгі кітапханалық хакатон жоғары деңгейде өтті. Елдің түкпір-түкпірінен келген мамандар керемет идея мен тың көзқарас ұсынды. Біз әріптестеріміздің жобасынан шабыт алып, тәжірибемізді қуана бөлістік», – деді Батыс Қазақстан облысы, Бірлік ауылының кітапханашысы, хакатон қатысушысы Гүлбақыт Дүйсен.

Алғашқы хакатон жас кітапханашылардың кәсіби дамуы жолындағы маңызды қадам ғана емес, сонымен қатар, Қазақстан кітапханаларының жаңғыруға, инновация енгізуге және елдің мәдени-оқу өміріндегі орнын нығайтуға деген ұмтылысының жарқын дәлелі болды.

Айта кетейік, бүгінде Алматыда қала әкімдігіне қарасты 30-ға жуық кітапхана жұмыс істейді, оның 95%-ы толықтай жаңғыртудан өтіп, материалдық-техникалық базасы жаңартылған. Бұл кітапханаларға заманауи талаптарға сай болуға ғана емес, оқырмандарға қызмет көрсетудің инновациялық форматын енгізуге мүмкіндік береді. Айта кетерлігі, жыл сайын қала кітапханаларында 3 миллионнан астам келуші тіркеледі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл