470.46
543.1
5.86
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыда жастарға арналған ауқымды жобалар легі бастау алады
Жаңалықтар

Алматыда жастарға арналған ауқымды жобалар легі бастау алады

03.04.2026
мин
0
113

Алматыда сәуір айында жастардың спортпен айналысуына, шығармашылық қабілетін дамытуға және қоғамдық өмірге белсенді араласуына бағытталған бірқатар жоба бастау алады. Бұл туралы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Негізгі жобалардың бірі 1-30 сәуір аралығында өтетін ұлттық спорт түрлеріне арналған YOUTH NOMADS фестивалі. Жоба ең алдымен NEET санатындағы жастарға, сондай-ақ жұмыс істейтін жас буын өкілдеріне бағытталған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальге шамамен 30 мыңға жуық қатысушы тарту жоспарланып отыр.

- Алматыда 15 мыңнан астам жас базарда еңбек етеді. Біз спорт пен ұлттық ойындар арқылы олардың дамуына, өзара байланыс орнатуына және қаланың белсенді өміріне араласуына мүмкіндік жасаймыз, - деді жоба жетекшісі Қадырбек Файзуллаев.

Бағдарлама аясында қазақша күрес, арқан тарту, қол күресі, асық ату және ләңгі ойындары бойынша жарыс өтеді. Жүлде қоры — 2,5 млн теңге.

Сонымен қатар қалада шығармашыл жастарға арналған Jas Gala фестивалі ұйымдастырылады. Іріктеу кезеңі 11-16 сәуір аралығында вокал, хореография, мобилография, аспапта орындау және актерлік шеберлік бағыттары бойынша өтеді.

«Алматы студенттері альянсы» корпоративтік қорының үйлестірушісі Жұлдыз Жақсыбайдың айтуынша, бұл жоба студенттердің өзін-өзі танытуына мүмкіндік беретін тиімді алаң болмақ.

Сәуір айында ALMA CUP 2026 студенттік турнирі де жоспарланған. Оған 1000-нан астам студент пен 80-нен астам команда қатысады.

- ALMA CUP — бұл тек спорт жарысы емес. Бұл командалық мәдениетті қалыптастырып, көшбасшылық қасиетті дамытуға бағытталған алаң, — деді жоба жетекшісі Ақарыс Төребек.


- Біз жастардың әлеуетін ашуға және олардың бастамаларын қолдауға бағытталған жобаларды ұсынып отырмыз. Жастарға өздері қызығатын бағыттарда дамуына мүмкіндік беру маңызды. Бұл шығармашылыққа да, спортқа да, мәдени құндылықтарға да қатысты. Мұндай бастамалар белсенді әрі жауапты қоғам қалыптастыруға ықпал етеді, — деп сөзін түйіндеді Азиз Кажденбек.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл