| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда инвестициялық жоба ретінде жасырылған қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталып, іс сотқа жолданды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алматы қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидасын ұйымдастыру және басқару фактісі бойынша тергеуді аяқтады. Күдікті 2025 жылы интернет арқылы жалған инвестициялық жоба ұсынып, азаматтарды алдаған.
Тергеу мәліметінше, күдікті арнайы сайт пен мессенджерлер арқылы схема құрған. Қатысушыларға қысқа бейнероликтерді көру арқылы табыс табу ұсынылған. Алайда жүйеге қосылу үшін олардан 11 мыңнан 160 мың теңгеге дейін «инвестициялық пакет» сатып алу талап етілген.
Ұйымдастырушылар салымшыларға жоғары табыс уәде еткен — тәулігіне 5–10 пайызға дейін. Нақтысында төлемдер жаңа қатысушылардың қаражаты есебінен жүргізілген. Бұдан бөлек, адамдарды тартқаны үшін рефералдық бонус та қарастырылған.
Тергеу барысында қаражаттың жеке шоттарға түсіп, кейін P2P операциялары арқылы криптовалютаға айналдырылып, анонимді әмияндарға жіберілгені анықталды.
Соттың санкциясымен жалпы көлемі 1 057 599 USDT (шамамен 528,5 млн теңге) болатын қаражатқа шектеу қойылды. Күдіктіге елден шығуға тыйым салынды. Қылмыстық іс сот қарауына жіберілді.