| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда такси жүргізушісінің денсаулығы күрт нашарлап, жол үстінде қайтыс болды. Салдарынан бірден бірнеше көлік пен қоғамдық автобус қатысқан жол-көлік оқиғасы тіркелді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қайғылы оқиға 11:30 шамасында Алматы қаласындағы Әл-Фараби даңғылында, «Нұр-Мүбарак» мешіті маңында орын алды. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, BYD маркалы таксиді басқарған жүргізушінің жүрегі қозғалыс кезінде тоқтаған.
Басқарудан айырылған көлік жолдағы Ford Focus, Chevrolet Monza, Subaru Impreza, Volkswagen Golf автомобильдеріне және №127 бағыттағы қалалық автобусқа соқтығысқан.
Жүргізуші оқиға орнында жан тапсырды. Қалалық полиция департаменті апаттың негізгі себебі жүргізушінің денсаулығындағы күрт өзгеріс болғанын растады. Кейінірек құқық қорғау органдары жол-көлік оқиғасы салдарынан басқа адамдардың зардап шекпегенін хабарлады.