474.04
555.01
6.45
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыда жастарға арналған 5% ипотека бағдарламасы іске қосылады
Жаңалықтар

Алматыда жастарға арналған 5% ипотека бағдарламасы іске қосылады

15.05.2026
мин
0
89
Сурет: BAQ.kz

Алматыда жастарға арналған 5% жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаға өтінім қабылдау басталады, — деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Алматы қаласында 35 жасқа дейінгі азаматтарға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама бойынша өтінімдер 1 маусым сағат 09:00-ден 15 маусым сағат 18:00-ге дейін kezekte.kz порталы арқылы қабылданады.

Өтінім беру үшін үміткерлер электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүйеге кіріп, «Тұрғын үй сервистері» бөлімінен «Almaty Jastary» қызметін таңдауы қажет.

Бағдарламаға әлеуметтік және бюджеттік сала қызметкерлері, сондай-ақ медицина, білім, ғылым, мәдениет, спорт, журналистика, құқық қорғау және коммуналдық қызмет саласының мамандары қатыса алады. Бұған қоса «Жұмыс істейтін жастар» бағдарламасы аясында жалдамалы пәтерде тұрып жатқан азаматтарға да мүмкіндік берілген.

Ипотека шарттары бойынша несие сомасы 20 миллион теңгеге дейін, бастапқы жарна 10%, ал жылдық мөлшерлеме 5% деңгейінде белгіленген.

Бағдарламаға Алматыда кемінде 1 жыл тұрақты тіркеуі бар, 35 жасқа дейінгі тұрғындар қатыса алады. Сондай-ақ соңғы 5 жыл ішінде өз атында тұрғын үй болмауы және қалада кемінде 6 ай ресми еңбек өтілі мен зейнетақы аударымдарының болуы талап етіледі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл