Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыдағы кептеліс мәселесі шешіле ме?
Жаңалықтар

Алматыдағы кептеліс мәселесі шешіле ме?

13.04.2023
1 мин
1
732

13 сәуір күні Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуінде қаладағы кептеліс мәселесін қалай шешетінін айтты деп хабарлайды Dauletten.kz.

Әуезов ауданының тұрғындарының бірі қала басшысынан қарбалас уақыттағы кептеліс мәселесін қалай шешетіндерін сұрады. Ол бұл мәселемен бұрынғы әкімдерге жүгінгенін, бірақ ешқандай шешім қабылданбағанын жеткізді.

«Қала бір орында тұрмайды. Қазір екінші кезеңмен айналысып жатырмыз. Жыл соңына дейін толық сұлбасы анық болады деп үміттенеміз. Жасанды интеллектіні қолдану тәжірибесі тек Алматыда ғана емес. Үлкен трафик кезінде бағдаршам бағыттарының ауысу жиілігі жасанды түрде басқарылады", – деді Досаев.

Сондай-ақ әкім Жұбанов көшесі қала шекарасына дейін созылатынын айтты.

Мегаполис басшысы бүгінде мердігерлік ұйымды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатқанын, мамыр айында конкурс аяқталатынын атап өтті.

«Жұбанов көшесін (Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін) ұзартуға ЖСҚ мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алдық. Сатып алуға жататын 307 учаске анықталды», – деді әкім.

фото: liter.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Н
Нұрхат 14.04.2023
Ақтауда жолдар тесік шұқыр жол сызықтары көрінбейді ал биліктегілер Сергек қойып әлек
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл