| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда Розыбакиев көшесінің атауын ақын Шахановтың есіміне өзгерту туралы петиция жарияланды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Әлеуметтік желіде Алматы қаласындағы Розыбакиев көшесіне қазақ ақыны Мұхтар Шахановтың есімін беру бастамасы көтерілді. Осыған байланысты арнайы петиция жарияланып, қоғам талқысына ұсынылды.
Петиция авторлары Мұхтар Шахановтың тәуелсіз Қазақстан тарихындағы орны ерекше екенін атап өткен. Құжатта оның Желтоқсан оқиғасының ақиқатын ашуға, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге және ел егемендігін қорғауға қосқан үлесі көрсетілген.
Сонымен қатар бастамашылар Абдулла Розыбакиевтің есімін басқа форматта ұлықтауды ұсынады. Атап айтқанда, оның атын шағын нысандарға беру, мемориалдық тақта орнату немесе бюстін сақтау сияқты ұсыныстар айтылған.