Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматының барлық ауданында жаңажылдық шыршалардың шамы бір уақытта жанды
Жаңалықтар

Алматының барлық ауданында жаңажылдық шыршалардың шамы бір уақытта жанды

18.12.2025
мин
0
87

Алматының барлық ауданында жаңажылдық шыршалардың шамы бір уақытта жанды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бүгін Абай алаңында жаңажылдық мерекелердің ресми басталуын білдіретін дәстүрлі қалалық мәдени шара – Алматы қаласының бас шыршасының шамдарын жағу рәсімі өтті.

Қаланың бас шыршасының биіктігі 22 метр құрайды. Оны безендіру үшін 7 километрлік жаңа жылдық гирляндалар, сондай-ақ көп түрлі жарқын декоративтік элементтер, ірі және ұсақ шырша шарлары, тақырыптық жаңа жылдық ойыншықтар және сыйлық иллюминациялары пайдаланылған.

Қала тұрғындары мен қонақтары үшін заманауи мультимедиялық технологиялар, ауқымды жарық элементтерімен безендіру мен қазақстандық эстраданың танымал әртістерінің қатысуымен өтетін мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Кештің маңызды сәті – қала тұрғындары мен қонақтарының және жаңа жылдың басты кейіпкері Аяз Атамен бірге қаланың бас шыршасының шамдарын салтанатты түрде жағу рәсімі болмақ. Концерттік кеш аясында Аяз Ата мен Ақшақар қала тұрғындарын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, көрермендерге арналған интерактивті және ойын-сауық бағдарламаларын ұсынады.

Мерекелік кештің ашылуы қазақстандық эстрада жұлдыздары, шоу-балет әртістері мен мәнерлеп сырғанаушылар орындайтын «Кел, Жаңа жыл!» атты вокалды-хореографиялық қойылымымен басталады. 

Сонымен қатар концерттік бағдарлама аясында Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева, Али Оқапов, Мәди Рымбаев, «КешYOU», «Жігіттер», «Astra» топтары, Балжан Бидаш және Kodi сынды танымал орындаушылар өнер көрсетеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл