Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматының Көктөбе шағынауданында 4 750 үй орталық кәріз жүйесіне қосылды
Жаңалықтар

Алматының Көктөбе шағынауданында 4 750 үй орталық кәріз жүйесіне қосылды

21.02.2026
мин
0
170

Алматының Көктөбе шағынауданында 4 750 үй орталық кәріз жүйесіне қосылды. Бұл туралы Медеу ауданы әкімдігінің мамандары мәлім етті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Көктөбе шағынауданында кәріз желілерінің құрылысы аяқталып, нәтижесінде 4 750 тұрғын үй қаланың орталықтандырылған су бұру жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болды.

Жоба аясында жалпы ұзындығы 20 шақырым болатын инженерлік желі салынды. 17 көше толықтай кәріз жүйесімен қамтылды. Абоненттік қосылу нүктелері жер аумақтарының шекарасына дейін жеткізілді, бұл тұрғындардың жүйеге жедел қосылуына мүмкіндік береді.

Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін барлық аумақтарда жол жабыны толық қалпына келтірілді.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, жобаны іске асыру санитарлық қауіпсіздік деңгейін арттыруға, қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайтуға және тұрғын үй құрылысының одан әрі дамуына жағдай жасауға мүмкіндік берді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл