Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Америкалық отбасы Қазақстаннан асырап алған балаларын 9 жыл бойы зорлаған
Жаңалықтар

Америкалық отбасы Қазақстаннан асырап алған балаларын 9 жыл бойы зорлаған

23.01.2024
1 мин
0
241

Шетелдік Smart News басылымының хабарлауынша, америкалық отбасы асырап алған балаларды бірнеше жыл бойы зорлап келген.

Массачусетс штатындағы Ворчестер қаласының соты Нортбридж қаласынан келген ерлі-зайыптыларды Қазақстаннан келген балаларды зорлағаны үшін түрмеге отырған. Линда Майотт асырап алған ұлын, ал оның жұбайы Джозеф асырап алған қызын үнемі зорлап келген.

Америкалық сот ерлі-зайыптыларды балаларды зорлаудың 29 ісіне кінәлі деп тапты, деп Milford Daily News басылымы жазған еді.

1963 жылы туған Джозеф Майотт 11 қылмысы бойынша кінәлі деп танылып, 16 жылдан 20 жылға дейін түрмеге тоғытылды. Оның әйелі 1964 жылы туған Линда 18 іс бойынша кінәлі деп танылып, 18-22 жыл түрмеде болады деп шешім шыққан болатын.

2004 жылы Майотт отбасы Қазақстаннан 9 жасар қыз бен 13 жастағы ұлды асырап алған. 2009 жылы асырап алған ұл полицияға хабарласып, асырап алған анасы оны екі жылдан бері үнемі зорлап жүргенін хабарлаған.

Тәртіп сақшылары көршілерінен жауап алып, артынша ерлі-зайыпты Майотты тұтқындаған. Жауап алу кезінде Линда Майотт керісінше асыранды ұлының өзін бірнеше рет зорлағанын айтады.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері Джозеф Майоттан да жауап алады. Тергеу барысында ол бес жыл бойы асырап алған қызын үнемі зорлағаны анықталған. Ер адам өзіне тағылған барлық айыптарды жоққа шығарып, ешқашан Қазақстаннан асырап алған қызын зорламағанын айтып ақталған.

Қылмыстық істі тергеу барлығы төрт жылға созылды. 2013 жылдың тамызында сот Майотт отбасын зорлық-зомбылық бойынша кінәлі деп тапты. Олар жазасын әртүрлі түрмелерде өтейтіні туралы Milford Daily News басылымы жазған еді.

Оқиғадан бері 10 жыл өтсе де, америкалық ерлі-зайыпты зорлаушылардың құрбаны болған қазақстандық ұл мен қыздың жағдайы не болғаны белгісіз қалған еді. Қауіпсіздігі үшін аты-жөндері құпия сақталған қазақ балалары туралы мәлімет жоқтың қасы.

Дегенмен сұмдық жайттан соң елдегі мәжіліс депутаттары шетелдегі отбасылар асырап алған қазақ балаларын елге қайтару туралы ұсыныс жасағанмен, ұсынысқа қолдау болмады. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
274
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл