| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақмола облысында Қосшы қаласындағы қоғамдық мәдени-спорт кешенінде өткен сабақ кезінде 10 жастағы қыз бала кенеттен көз жұмды. Полиция тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, сабақ кезінде баланың жағдайы күрт нашарлаған. Полиция хабарлауынша, тексеру нәтижесі бойынша кейін процессуалдық шешім қабылданады.
Әлеуметтік желі қолданушыларының ақпаратынша, қыз бала «бронхиалдық астма» диагнозымен диспансерлік есепте тұрған. Сабақ кезінде жағдайы кенеттен нашарлап, алғашқы жедел көмек көрсетілген. Дәрігерлер барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған реанимациялық көлікті қайта шақырғанымен, баланы аман алып қалу мүмкін болмаған.