Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақмола облысының Степногорск қаласында 3 және 5 жастағы екі бала үстіне қайнаған сорпа төгіп алып жарақаттанды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бүлдіршіндер термиялық күйікпен қаладағы ауруханаға жеткізілді.
Дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсеткен соң, балалардың жағдайы тұрақтандырылды. Кейін олар арнайы "Қазавиақұтқару" тікұшағымен Көкшетауға облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Қазіргі уақытта олардың жағдайы тұрақты деп бағалануда. Оқиғаға байланысты полиция тексеріс жүргізіп жатыр.