491.29
562.92
6.1
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ақордада Digital Qazaqstan жобасы бойынша жұмыс кеңесі өтті
Жаңалықтар

Ақордада Digital Qazaqstan жобасы бойынша жұмыс кеңесі өтті

13.03.2026
мин
0
118
Сурет: Ақорда

Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Digital Qazaqstan жобасын жүзеге асыру барысына арналған жұмыс кеңесі өтті. Мемлекет басшысы жасанды интеллект пен цифрландыру бағытындағы жұмысты күшейту қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Ақордада өткен жұмыс кеңесінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде цифрлық технологияларды кеңінен енгізу мәселесіне тоқталды. Оның айтуынша, жасанды интеллект және цифрландыру жылы аясында мемлекеттік органдар ауқымды жұмыс атқаруы тиіс.

- Ең алдымен, қолайлы институционалдық, құқықтық және іскерлік орта қалыптастыру қажет. Қазақстан – ыңғайлы және озық цифрлық реттеу жүйесін енгізген елдердің қатарында. Біз бұл жұмысты алғашқылардың бірі болып бастадық. Атап айтқанда, елімізде Цифрлық кодекс қабылданды. Жасанды интеллект туралы арнайы заң күшіне енді. Бірақ бұл тек ауқымды жұмыстың басы ғана, мұнымен тоқтап қалмауымыз керек. Әлемде болып жатқан өзгерістердің қарқыны өте жоғары. Оны жақсы білесіздер. Ғылым, білім, технология аса жоғары жылдамдықпен дамып жатыр. Сондықтан нормативтік құжаттарды да дер кезінде жаңартып отыру керек. Бір сөзбен, қазіргі заманда әрбір азаматқа түсінікті және айқын болатын «Цифрлық мемлекет» ұғымын қалыптастыру қажет, яғни Digital Qazaqstan стратегиясы азаматтар мен бизнестің нақты талап-тілегін ескеруге тиіс, – деді Мемлекет басшысы. 

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл