| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                Бүгін Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Иордания Хашимит Корольдігінің Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейнді салтанатты түрде қарсы алды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Рәсім барысында екі мемлекет басшысы делегация мүшелерін бір-біріне таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт беріп, Қазақстан мен Иорданияның мемлекеттік әнұрандары орындалды.
Салтанатты қарсы алу рәсімінен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен ІІ Абдалла келіссөздер өткізетін залға бет алды.