Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ақпарат және қоғамдық даму министрі журналистерді мерекемен құттықтады
Жаңалықтар

Ақпарат және қоғамдық даму министрі журналистерді мерекемен құттықтады

28.06.2021
1 мин
0
1136

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева тілшілер қауымын 28 мамыр – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесімен құттықтады.

Құрметті әріптестер, баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл тек қана қалам ұстаған журналистердің ғана емес, ақпарат саласында жүрген барлық қызметкерге ортақ мейрам.

Бұқаралық ақпарат құралдары  – мемлекет саясатының маңызды бағыттарының бірі. Себебі, медиа тек ресми ақпарат таратудың құралы емес, ол – ұлттық қауіпсіздік пен идеологияның да өзегі. Мемлекет саясатын түсіндіруге, халық пен билік арасын жалғайтын алтын көпір. Сондықтан журналистердің қоғам алдындағы азаматтық және әлеуметтік жауапкершілігі өте жоғары.

Ақпарат саласының мемлекеттік басқару процесіне ықпалы артып келеді. Баспасөзде сауатты көтерілген мәселелер мемлекет сапасын көтеруге септігін тигізіп жүр. Президентіміздің «халық үніне құлақ асатын» қағидасының нәтижелі іске асуында да журналистердің үлесі зор.

Әрбір журналистің бүгінгі күнделікті еңбегі арқылы мемлекетіміздің ертеңгі тарихы жазылып жатыр. Сондықтан ақпарат саласын жаңа деңгейге көтеріп, биік талғамды қалыптастырудағы еңбектеріңіз жана берсін. Денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық шалқар шабыт пен толайым табыс тілеймін!

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл