Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
АҚШ-та бензин бағасы рекордтық көрсеткішке жетті
Жаңалықтар

АҚШ-та бензин бағасы рекордтық көрсеткішке жетті

20.05.2022
1 мин
0
1033

Осы аптада АҚШ-та бір галлон бензиннің орташа бағасы (бір галлон - 4,54 л) 10 центтен 4,58 долларға дейін өсті.

Жаңа мәліметтерге сәйкес, өткен аптада АҚШ-тағы бензиннің жалпы ішкі қоры 4,8 миллион баррельге, 220,2 миллион баррельге дейін азайды. 

Сонымен қатар, бензинге тәуліктік сұраныс 8,7 миллионнан 9 миллион баррельге дейін өсті. 

Осылайша, ұсыныстың қысқаруы және сұраныстың өсуі автомобиль отынының қымбаттауына әкелді. 

Жағдайды әлемдік нарықтағы шикі мұнай бағасының өсу серпіні қиындата түсуде. Сәрсенбіде WTI маркалы мұнай бағасы 2,81 долларға төмендеп, 109,59 долларды құрады. 

Алайда, жанармай құю бекеттеріндегі бензиннің орташа бағасы АҚШ-тың әр штатында алғаш рет 4 доллардан асты, ал бензиннің орташа ұлттық бағасы бір галлон үшін 4,567 долларға жетті (бір литрі - шамамен 1 доллар). 

Америкалық автомобиль қауымдастығының (AAҚ) мәліметінше, Канзас, Оклахома және Джорджия сияқты кей штаттарда жанармай бағасы алғаш рет $4-тен асты, ал Калифорния сияқты басқа штаттарда жанармайдың орташа бағасы $6,05 құрап отыр. 

Кейбір сарапшылардың болжамынша, АҚШ-тағы бензиннің орташа бағасы тамыз айына дейін бір галлон үшін 6 доллардан асуы мүмкін. 

Жанармай бағасының өсуі басқа батыс елдеріне де ықпал етті. Ұлыбританияда автоәуесқойлар өз бактарын бір галлон үшін $7,70-тен құйып жүр.

Нидерланд пен Германияда $8,25-ке жетті, ал Норвегия мен Данияда бір галлон бензин бағасы $9-дан асады (бір литр үшін шамамен 860 теңге).

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл