456.56
530.52
5.28
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Ақша да, үй де жоқ»: Ақтөбелік тұрғын 10 млн теңгесінен айырылып қалды
Жаңалықтар

«Ақша да, үй де жоқ»: Ақтөбелік тұрғын 10 млн теңгесінен айырылып қалды

07.09.2026
мин
0
66
Сурет: Aikyn.kz

Жеңілдетілген шартпен баспана алып беремін деп уәдені үйіп-төккен пысықай жергілікті тұрғынның миллиондаған қаржысын қолды қылды. Қазіргі уақытта облыстық полиция департаменті аталған алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізуде, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Сенімге кіріп, миллиондарды қалтаға басқан

Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, осыдан шамамен екі жыл бұрын күдікті азамат танысының сенімін теріс пайдаланған. Ол мемлекеттік тұрғын үй жобасы арқылы тиімді бағада пәтер алып беруге уәде беріп, құжаттарды реттеу және мәселені "оңтайлы шешу" сылтауымен 10 миллион теңгесін қолма-қ қол алып алған.

Уақыт созылғанымен, уәде етілген үй де берілмеген, тапсырылған ақша да кері қайтарылмаған. Амалсыз қалған жәбірленуші тәртіп сақшыларына арыздануға мәжбүр болды.

Күдікті ұсталды

Арнайы жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсіріп, бөлімшеге жеткізді.

Қазіргі сәтте оқиғаның мән-жайын толық айқындау үшін тергеу амалдары жүріп жатыр. Сондай-ақ, ұсталған азаматтың өзге де ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Полиция ескертеді: Мемлекеттік бағдарламалар "таныс арқылы" шешілмейді

Тәртіп сақшылары тұрғындарды баспана сатып алу кезінде барынша сақ болуға шақырады:

 Кезекті жылдамдатып беремін немесе таныс арқылы үй алып беремін деген сөздерге сенбеңіз;

 Өкілеттігі жоқ немесе бейтаныс тұлғаларға ірі көлемде ақша тапсырмаңыз;

 Тұрғын үй бағдарламаларының талаптарын тек ресми дереккөздерден тексеріңіз.

Күмәнді ұсыныстар түскен жағдайда бірден "102" пультіне хабарласқан абзал.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл