Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ақтауда 170 млрд теңгеге жаңа туристік кешен салынады
Жаңалықтар

Ақтауда 170 млрд теңгеге жаңа туристік кешен салынады

18.07.2022
1 мин
0
1438

Қазақстан экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында Ақтаудағы жаңа туристік кешеннің құрылысы талқыланды, деп хабарлайды Primeminister.kz сайты.

Көпфункционалды қонақ үй-туристік кешенді салуға 170 миллиард теңге тартылады деген жоспар бар. Соның нәтижесінде 4000-ға жуық жұмыс орны ашылады. Ал Маңғыстау облысына келетін туристердің саны 850 мың адамға артуға тиіс.

Үкімет басшысы жобаны іске асыруды жеделдетуді және құрылысы басталған барлық нысанды аяқтау үшін бюджеттік несие бөлу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

Бұдан бөлек, Қызылорда облысының Арал ауданында кальцийленген сода өндіру зауытын салу жобасы қаралды. Осы жобаны іске асыруға, шамамен, 140 миллиард теңге қажет. 700-ден астам тұрақты жұмыс орны болады деген болжам бар.

Зауытта жылына 300 мың тоннаға жуық өнім өндіруге болады. Онымен сырттан келетін соданы алмастыруға мүмкіндік бар.

Отырысқа қатысушылар мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмыс тобын құру мәселесін де қарастырды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл