| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Сатушыны қорқытып жанармай бекетін тонаған адам қамауға алынды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ақтауда бір ер адам жанармай бекетіне кіріп, сатушыны пышақпен қорқытып, ақша талап етті. Ақшаны алған соң ол оқиға орнынан қашып кеткен.
Полиция бір сағат ішінде күдіктіні анықтап, ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.
Тергеу барысында ол өз кінәсін толық мойындады. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.