Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ақтөбе, Қызылорда және Павлодар облыстарында жолдар ашылды
Жаңалықтар

Ақтөбе, Қызылорда және Павлодар облыстарында жолдар ашылды

03.12.2025
мин
0
170

«ҚазАвтоЖол» бірқатар бағыт бойынша қозғалыс жанданғанын хабарлады. Алайда кейбір жолдарда қозғалысқа әлі де тыйым салынып отыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ұлттық компанияның мәліметінше, 2025 жылғы 3 желтоқсанда келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрі үшін қозғалыс ашылды:

Ақтөбе облысы

РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы автожолының 776-1240-шақырым аралығындағы учаскесінде (Экойл жанармай стансасы — Қызылорда облысының шекарасы).

Қызылорда облысы

РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы автожолының 1240-1362-шақырым аралығында (Ақтөбе облысы шекарасынан Арал қаласына дейін).

Павлодар облысы

Республикалық маңызы бар Павлодар — Шарбақты — РФ шекарасы (Шарбақты ө/п) автожолының 0-112-шақырым аралығындағы учаскесінде (Павлодар қаласынан — РФ шекарасына дейін) көліктің барлық түрі үшін үшін қозғалыс ашылды.

Сондай-ақ төрт өңірде бұған дейін енгізілген шектеулер әлі де күшінде.

Ақмола облысы

Республикалық маңызы бар KAZ02 Астана — Көкшетау (айналма жол) — Петропавл — РФ шекарасы (Жаңа Жол өткізу пункті) автожолының 19-231-шақырым аралығында көліктің барлық түрі үшін жылдамдық шектеуі 140 шақ/сағ-тан 110 шақ/сағ-қа дейін төмендетілді. Бұл шара ауа райының бұзылуына, температураның төмендеуі, көктайғақ, ұсақ қардың жаууына байланысты енгізілді.

Солтүстік Қазақстан облысы

Тимирязево — Сарыкөл — облыс шекарасы автожолының 0-30-шақырымында (Қостанай облысы шекарасы — Тимирязево ауылы) көліктің барлық түрі үшін шектеу бар.

Шығыс Қазақстан облысы

Тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде сақталады

Павлодар облысы

Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы автожолында (Қалқаман елді мекеніне кіреберіс пен Астанаға шығатын бағыт) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді.

Қалқаман елді мекенінен Астанаға қозғалыс Береке Қалқаман — Ақсу көлік айрығы арқылы (ұзақтығы 6 шақырым) және Павлодар қаласынан Қалқаман елді мекеніне қозғалыс «Баянауыл» көлік айрығы арқылы жүзеге асырылады.

Ауа райы

2025 жылғы 3 желтоқсанда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Абай және Павлодар облыстарының кей жерінде қар аралас жаңбыр мен қар жауады.

— Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз, — делінген хабарламада.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл