| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақтөбеде әйелін қасақана өлтірген ер адамға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Сот барысында ерлі-зайыптылар арасында тұрмыстық жанжал болғаны анықталған. Тергеу деректеріне сәйкес, ер адам әйелін қасақана өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсаған.
Осыған байланысты сот айыпталушының қайтыс болуын негізге алып, қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылдады.
Айта кетейік, былтыр қараша айында бұл отбасының із-түзсіз жоғалғаны хабарланған еді. Кейіннен құқық қорғау органдары ерлі-зайыптыларды өлі күйінде тапқан.