| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақтөбеде маусымдық Гонконг тұмауы (A/H3N2) анықталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Санэпидбақылау департаменті қалада бұл штаммды жұқтырған 11 адам тіркелгенін мәлімдеді
Тұрғындардың айтуынша, әсіресе балалар арасында ауру ауыр өтіп жатыр:
— дене қызуы 38°С-тан жоғары көтерілуі;
— қатты жөтел;
— әлсіздік белгілері жиі байқалады.
Департамент мамандары бұл вирустың жаңа штамм еместігін, жыл сайын күз-қыс маусымында айналымда жүретін маусымдық тұмау түрі екенін түсіндірді.
- Облыста зертханалық түрде расталған А типті тұмау (H3N2) тіркелді. Бұл бұрыннан белгілі, маусым сайын кездесетін вирус, – деді ведомство өкілдері.