| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақтөбеде 8-сынып оқушысы мектеп пен көпқабатты үйге жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабарлама жіберді, - деп хабарлайды Dauletten.kz
Хабарлама түсе салысымен полиция, кинологтар және саперлер оқиға орнына жеткенімен, ешқандай қауіпті зат табылған жоқ.
Жедел іздестіру барысында жасөспірім анықталып, ұсталды. Қазір бұл оқиға бойынша екі қылмыстық іс қозғалған. ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы («Терроризм актісі туралы жалған хабарлау») бойынша мұндай әрекет қылмыстық жауапкершілікке тартылады.