| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақтөбе қаласында медбике жалған медициналық анықтамаларды ақшаға жасап, сатып келгені үшін ұсталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Тергеу деректеріне сәйкес, медбике танысымен алдын ала сөз байласып, жалған медициналық құжаттарды дайындаумен айналысқан. Атап айтқанда, №075 және №086 нысанындағы анықтамалар мен санитарлық кітапшалар қолдан жасалып, олар 5000-10000 теңге аралығында сатылған.
Күдіктінің жұмыс кабинетінде жүргізілген тінту барысында бірнеше жалған мөр тәркіленді. Олардың қатарында «Дерматолог», «Лаборатория», «Жарамады/Годен», «Реакция микропреципитации экспресс әдісімен» және «Анықтамалар үшін» деген жазулары бар мөрлер болған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда.