Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Әр азаматқа 10 сотық жер беру жайлы айтылды
Жаңалықтар

Әр азаматқа 10 сотық жер беру жайлы айтылды

26.03.2021
1 мин
40
7356

ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов ҚР азаматтарына 10 сотық жер телімін беру мәселесіне қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл мәселе Жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысында қарастырылды.

"10 сотық жер телімі бойынша Кодексте жазылған. Ұнай ма, ұнамай ма - беру керек, ол - Кодекс нормасы. Сондықтан бұл мәселеде барлығын ретке келтірген жөн", - деді Еуропалық құқық және адам құқығы сарапшылық институтының директоры, саясаткер Марат Башимов.

Өз кезегінде ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов көтерілген мәселе жан-жақты қаралатынын айтты.

Айтуынша, 10 сотық жер телімін бөлуге қатысты ең алдымен тиісті жұмыстар атқарылуы керек. Яғни жер телімі берілетін болса, инфрақұрылымның салынуына ерекше назар аударылуы тиіс.

"Инфрақұрылымның өзін жүргізу үшін орта есеппен 4 трлн-нан артық қаражат керек болады. Сондықтан осының барлығын есептеуіміз керек. Бұл бағыттағы жұмыстар бір күнде шешілетін мәселе емес", - деді Тоғжанов.

Сондай-ақ, заңгер Бақытжан Базарбек 2018 жылы Жер Кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге қатысты тыйымдар бар екенін айтып, олқылықтарды атап өтті.

"Бізде жер мәселесінде көптеген маңызды мәселелер бар. Құқықтық қатынастардағы сыбайлас жемқорлық мәселесі басты мәселелердің бірі болып табылады. 2018 жылы Жер Кодексінің 97 бабына өзгерістер енгіздік. Осы өзгерістерге сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің нысаналы мақсатын өзгертуге тыйым салынды", - деді Бақытжан Базарбек Жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысында сөйлеген сөзінде.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
40 Пікір
А
Асель 05.11.2021
Мен 2006 жылдан бері жер кезегінде тұрмын неге жылжымайтын бәле күтіп жүрмін қашан бере екен.
Жауап беру
А
Асель 05.11.2021
Мен 2006 жылдан бері жер кезегінде тұрмын неге жылжымайтын бәле күтіп жүрмін қашан бере екен.
Жауап беру
Ж
Жумагул. Казыбекова 26.07.2021
Жер керек
Жауап беру
Г
Гауһар 18.04.2021
Кәнекей берілсе.....тек ауызбен айтылып қалып қойылмай амалда орындалса.
Жауап беру
Г
Гульмира 02.04.2021
Оте дурыс болар еди квартира жалдап турганша бир болме болсада тургызып алып кишкене болсада жагдай тузелетин е
Жауап беру
Н
Нуржан 29.03.2021
Жақсы болар еді екі бөлмеге бес баламен отырмыз ..өзіміз еңбектеніп салып алар едік .тез тез қаралса екен
Жауап беру
А
Акбота 28.03.2021
Бизде 7жылдай болды квартирада жургенимизге
Жауап беру
Т
Турсынай 28.03.2021
Салеметсиздерма Дурыс шешім әр қазаққа жер берілуі керек. Адам калай болсада салып алады жері болса . Біздің кішкентай Аралдын озінде жер багасы млн га жетті
Жауап беру
И
Инабат 28.03.2021
Әр азаматқа жер берілсін!
Жауап беру
М
Маржан 27.03.2021
Ия беру керек квартирада жургеніме 13жыл болды, күйеуім мугедек жалғыз қайда жеткізерімді білмейм.............. Жер берілсе н
Жауап беру
Н
Нагима 27.03.2021
Менің Анам 2000 жыдан бері е жер е пәтер берген жоқ. Кезекте тұрғанына 21 жыл боллы . Қарапайым халыққа қолдау көрсетпейді , и мәнде бермейді . Өкінішті жерге баймыз бірақ мұқажбыз ала алмай жүрген бишара мыз.
Жауап беру
М
Мөлдір 27.03.2021
ЖЕР БЕРІЛСІН ӘР БІР ҚАЗАҚ АЗАМАТЫНА❗❗❗❗❗❗❗❗❗❗❗❗❗❗ МЫНА МӘСЕЛЕЛЕРГЕ КӨП ҚАРАЖАТ КЕТІРМЕЙ АҚ ШЕШСІН❗❗❗❗ ЖЕМҚОРЛЫҚ ТОҚТАСЫН❗❗❗❗❗ ӘЙТЕУІР БІР ПРОБЛЕМА АЙТЫЛСА, ҚАРЖЫ БӨЛУ КЕРЕК ДЕП ГЫҒАЛЫ, АЙНАЛАЙЫНДАР АУ, СОЛ МӘСЕЛЕНІ - МӘСЕЛЕ ҚЫЛҒАН МЫНА БИЛІКТЕГІЛЕР СЕНДЕР❗❗❗ БАРЛЫҒЫН ӨЗ ЛРНЫНАҚОЙЫҢДАР❗❗❗❗ МЕН ЖЕР АЛУ МАҚСАТЫММЕН КЕЗЕККЕ 2015 ТЕ ТҰРДЫМ, БІР РЕТТЕ ХАБАРЛАМА КЕЛМЕДІ. ОТТАЙ БЕРМЕЙ ИЯ ДЕР БЕРІҢЛЕР, МЯМҮЛДЕМ ЖОҚ БОП КЕТТІҢДЕР МЫНА ӨМІРДЕН БІР БІРІҢМЕН ҚЫРЫЛЫП❗❗❗❗ ЖЕМҚОРЛАР ❗❗❗❗❗
Жауап беру
С
Сапаркул 26.03.2021
Отбасында неше адам болса сонша адамға жер берилсин деген приказ шыккан болатын олда токтады ,2006жылы 5 алам болып Турганбай жерге очередте алып бизди жоккылып тастамаса ,үй бермейди ауырып жер берилсин
Жауап беру
С
Сараркул 26.03.2021
2006 жылдан бери кезектемиз , бериледи деп жылына 2 рет кезегимизди тексертип келдик,Әли ешкандай сыбыс жок ауыр аяғында жер берилмейди деп токтатып койды
Жауап беру
Б
Бакытгуль 26.03.2021
Жер тұрғылықты мекен жайдан беріледі. Мысалы мен ауылды жерде тұрамын, ауылда жұмыс жоқ, оқу орындары да жоқ. Балаларым мектеп бітірген соң қалада тұрар жері де жоқ. Қаладан немесе ауданнан жерғе өтініш беру үшін сол жерде пропискан болу керек. Прапискаға тұрар жерін жоқ болғандықтан отырасын ауылда.
Жауап беру
Н
Назира 26.03.2021
2017 жылы жер бериледи деп кезекке турганмын,кейин берилмейди деди.Не ол кезек жылжымадыда.Елимиз жерге бай деймиз,елимиздин азаматтары 1 соттык та жер ала алмайды ,неге тегин дуние жок.Жаксы жердин бари кимде бай шонжарларда?
Жауап беру
Г
Гуля 26.03.2021
Жер берілсін.Не болмаса орнына үй берсін!!!
Жауап беру
С
Сапеке 26.03.2021
Берилсин колдаймын жас семиялар жер берсе бирденке кып тургызып алады сол дурыс тегин жер берсе артына расимдеп халык жай салып алады колдаймын берилсин
Жауап беру
Г
Гуля 26.03.2021
Мен 2009 да кезекке тұрғамын ,жер жоқ,очередь қимылдамаған
Жауап беру
Б
Бақтыгүл 26.03.2021
Дұрыс бастама, жер берсін Аллаға шүкір балалар дүниеге келіп жатыр.Халық саны өсуде.Неге бермеске, беругк міндетті ат тзбеліндей шенеуліктердіңғана ата-бабасы қрғаған жоқ бұл Қазақстанның жерін, бүкіл қазақтың ата-бабасы ұрпақтары үшін қорғады
Жауап беру
А
Арайлым 26.03.2021
Жер бермей ақ қойсын. 42500 сияқты қайтарып алар. Жер беріп жарылқамай қойсыншы,тыныштық керек. Халыққа емес оны да жемқорлар халыққа жеткізбей жоқ қылады.
Жауап беру
С
Салтанат 26.03.2021
Бунын барлыгы "ОТТАГАН"соз,отырып алып иштери пысып,НЕ истерлерин билмей отырган сон айтылган СОЗ гой
Жауап беру
С
Сәуле 26.03.2021
Бос СӨЗ
Жауап беру
П
Перизат 26.03.2021
Жақсы ғой Жеримиз үлкен жетеді берсе әркім өзі қарап жүреді
Жауап беру
Д
Динара 26.03.2021
Ой айта береді осылар ештеңе берілмейді
Жауап беру
Ж
Жанар 26.03.2021
Жер берілуі кереу. Әрбір адамның жеке меншігінде болса сол жерді игеруге, еге болуға, жоғалтып алмауға тырысады.
Жауап беру
А
Анель 26.03.2021
Бізге жер беруге лайыкпыз, әр қайсысымыздың ата -бабамыз қол ұшын тигізген қазақ жеріне
Жауап беру
Е
Еркiн Қ. М 26.03.2021
Жер Берiлсiн
Жауап беру
М
Майра 26.03.2021
Жер берілу керек
Жауап беру
Ж
Жансая 26.03.2021
Күиеуім 2007 де түрган кезеке жерге бірақ алі берілмеді не жылжымады оны қаидан калаи білеміз жауап болса осы жаилы өтініш
Жауап беру
Ф
Фариза 26.03.2021
Отырып алып берсін берсін демей қыймылдасаңыздаршы өздеріңізде. Акиматқа барыңыздар сұраңыздар әрекетке берекет түсінем квартирада жүргеннің бәрі қазақтар бірақ ол өзімізден жалқаулығымыздан біреу беріп қалар деген ұмытып тімізден. Өкіметтің кінәсі жоқ қой
Жауап беру
А
Айдын 26.03.2021
Жер берілсін
Жауап беру
М
Меруерт 26.03.2021
Ар казак кангып квартирада жур. Беретин дардемакылар мардымсыз. Аспн алып тастау керек оданда коп бала аз бала деми барин болип жармай ар балага кем дегенде бир балагюнын басына 30мыннан беосе де риза халык. Асп алатындар коби барине топырак шашпаймын, коби жагдайлары детерлик. Набарот акшалары детпейтиндер жур асп ала алмай ойткени ата ененди косады. Кредиттери ушин токтаусыз уйге келми жумыс жасап жаткандарын ескермейди. Сол ушин асп ала алмай отырмыз. Ар казакаак асп масп деми беру керек ар балага
Жауап беру
26.03.2021
Дурыс айтасыз келисемин отирик некеден ажырасып бирге турып асп пособия алып жаткан адамдар коп соларга танкалам Алладан коркпайды,окимет не карап отыр
Жауап беру
Ж
Жанар 26.03.2021
Айта бергенше іске кірісу керек қой .Неше жылдан бері әлі айтылып келеді. Өзге ұлттар алып бала- шағаларына жазып тастады.Олар өсе келе бұл біздің жер, қазақ деген болмаған- деп шығады . Даурабайдың дауын сонда көреміз..
Жауап беру
П
Пернекул 26.03.2021
Саламатсыздарма менин 4 балам бар жалгыз басты уй жонинен комек болса ее болмаса жер берсе жаксы болар еди бирдеме калып сонар едим
Жауап беру
А
Айгүл 26.03.2021
Берген дұрыс берсін
Жауап беру
Ф
Фариза 26.03.2021
Берсин оз уймизди согайык
Жауап беру
Ә
Әйгерім 26.03.2021
Неге осы көп балалы отбасыларға жерді тегін,және тез бермейді??Жер сұрап барсан 1045 құжат сұрап есікті шығарады???
Жауап беру
А
Айжан 26.03.2021
Беру кереккой.
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл