Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы облысындағы Шонжы ауылының жанынан археологтар сақ кезеңіне тиесілі алтын бұйымдарды анықтады, - деп хабарлайды Dauletten.kz Ұйғыр ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әкімдіктің мәліметінше, Шонжы ауылынан 11 шақырым шығыста орналасқан Тоғызбұлақ-1 және Тоғызбұлақ-2 (жергілікті атауы – Бестөбе) қорымдарында археологиялық зерттеу жұмыстары жүріп жатыр.
Қазба барысында Тоғызбұлақ-1 ескерткішінен біздің дәуірімізге дейінгі IV–III ғасырларға жататын алтын әшекейлер, керамикалық бұйымдар, адам мен жануарлардың сүйектері табылған.
Ғалымдардың пайымынша, бұл олжалар өңірде сақ мәдениетінің ірі орталығы болғанын айғақтайды.
Қазба жұмыстары жүріп жатқан жерге аудан әкімі Бота Елеусізова мен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Әлиев арнайы барып, танысып қайтты.