Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«АрселорМиттал Теміртау» ісі: ҚМА 1,8 млрд теңгенің ұрлығын тергеп жатыр
Жаңалықтар

«АрселорМиттал Теміртау» ісі: ҚМА 1,8 млрд теңгенің ұрлығын тергеп жатыр

26.12.2025
мин
0
130
Сурет: ЖИ/Dauletten.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі «Qarmet» АҚ-ның құқықтық мирасқоры саналатын «АрселорМиттал Теміртау» АҚ мүлкін жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Агенттік мәліметінше, 2015 жылы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ мен «АлбаСтройДор» ЖШС арасында домна шлагын қайта өңдеу туралы шарт жасалған. Алайда бұл келісім қайта өңдеу қалдықтарына билік ету құқығын көздемеген.

Тергеу барысында «АлбаСтройДор» ЖШС-нің директоры С.Ким өндірістік нысандарға еркін қолжетімділігін пайдаланып, зауыт аумағынан домна қоспасы мен кесек шойынды заңсыз алып шығу схемасын ұйымдастырғаны анықталды.

Ұрланған мүлікті кедергісіз шығару үшін қылмыстық схемаға өзара байланысты күзет ұйымы — «Күзет» ЖШС тартылып, оның қызметкерлері автокөліктердің бақылаусыз өтуіне жағдай жасаған.

Ал жымқырылған өнім С.Кимнің бақылауындағы «ГлобалСпецТорг» ЖШС және «ЦентрОптСнаб» ЖШС арқылы заңдастырылған.

ҚМА дерегіне сәйкес, заңсыз әрекеттер салдарынан жалпы құны 1,8 млрд теңгеден асатын 31 мың тоннадан астам өнім ұрланған. Қазіргі уақытта күдікті С.Г.Ким сот санкциясымен 2 ай мерзімге қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл