486.19
554.26
6.51
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Әскерде ауыр жарақат алған сарбаз Ербаян Мұхтар қайтыс болды
Жаңалықтар

Әскерде ауыр жарақат алған сарбаз Ербаян Мұхтар қайтыс болды

23.06.2026
мин
0
107

Ұлттық ұланның мерзімді әскери қызметшісі Ербаян Мұхтар қайтыс болды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жас сарбаздың тағдыры 2023 жылдың желтоқсанында болған оқиғадан кейін қоғам назарын аударған еді. Сол кезде Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінде қызмет атқарған Ербаян ауыр бас-ми жарақатын алып, ұзақ уақыт комада жатқан.

Ресми мәлімет бойынша, сарбаз дәретханада құлап, басын плиткаға соғып алған. Алайда оның туыстары бұл нұсқамен келіспей, алған жарақаттарының ауырлығына назар аударған болатын. Олардың айтуынша, Ербаянның желке сүйегі сынып, миына қан құйылған.

Кейін бұқаралық ақпарат құралдарында сарбазға ата-анасының келісімінсіз миына операция жасалғаны туралы ақпарат тарады. Ербаянды емдеу мен оңалту үшін қазақстандықтар қаражат жинап, ол шетелде, соның ішінде Түркияда да ем қабылдаған.

Бір ай бұрын оның жағдайы күрт нашарлап, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының жансақтау бөліміне жеткізілгені хабарланған еді.

Қазіргі уақытта Ербаян Мұхтардың қайтыс болу себептері мен мән-жайы туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл