Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Дәурен Қосанов "Әскери баспананың" бастапқы жарнасы мен пайыздық мөлшерлемесін төмендету қажет деп санайды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов пен "Отбасы банк" басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова "Әскери баспана" бағдарламасын талқылады7
Жақында үкімет инфляцияны тұрақтандыру мақсатында ипотекалық несие көлемін арттыруға шешім қабылдады. Соның аясында келесі айда "Әскери баспана" бағдарламасы қайта іске қосылып, шамамен 7 мың дайын пәтер сатып алуға мүмкіндік беріледі.
Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов "Әскери баспананың" бастапқы жарнасы мен пайыздық мөлшерлемесін төмендету қажет деп санайды.
- Әскери қызметшілер үшін жеңілдетілген ипотекалық несиелерге нақты қолжетімділік маңызды. Қазіргі уақытта ондай мүмкіндік жоқ, ал тұрғын үй бағасының өсуінен бастапқы жарна жинау іс жүзінде мүмкін емес, – дейді Қосанов.
Сондай-ақ ол бұрынғыдай екінші деңгейлі нарықтан баспана сатып алу мүмкіндігін қайтаруды ұсынды. Себебі көптеген әскери қызметшілер жөндеуден өткен, инфрақұрылымы дамыған және қызмет орнына жақын пәтер іздейді.
Ресми мәліметке сәйкес, бұған дейін 15 мыңнан астам әскери қызметші отбасы тұрғын үй төлемдері жүйесі мен ипотекалық бағдарламалар, соның ішінде "Әскери баспана" арқылы тұрғын үй жағдайын жақсартқан.
Кездесу кезінде министр "Баспана.кз" сайтында жарияланған жаңа талаптарға да назар аударды. Олар әскери қызметшілер үшін жалдамалы тұрғын үй рәсімдеуде қосымша қиындықтар туғызып отыр.