467.65
533.26
5.96
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Әскери борышын өтегендерге мемлекеттік білім гранты беріледі
Жаңалықтар

Әскери борышын өтегендерге мемлекеттік білім гранты беріледі

22.07.2026
мин
0
372
Сурет: osken-onir.kz

Қазақстанда мерзімді әскери қызметін өтеген азаматтар мемлекеттік білім грантын жаңа тәртіппен ала алады. Грант енді әскери қызмет кезіндегі тәртіп, жауынгерлік даярлық және тестілеу нәтижелері бойынша қалыптасатын рейтинг негізінде автоматты түрде бөлінеді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметті тартымды етуге бағытталған тағы бір тетікті іске асырып жатыр. Енді әскерден келген азаматтар мемлекеттік білім грантына цифрлық жүйе арқылы үміткер бола алады.

ОКҚ алаңында сөйлеген Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы, полковник Мұрат Олжабаевтың айтуынша, әскери қызметін аяқтаған азаматтар үш жоғары оқу орнын және үш білім беру бағдарламасын таңдай алады. Ал гранттарды бөлу толықтай автоматтандырылған жүйе арқылы жүзеге асады.

Іріктеу кезінде сарбаздың әскери қызметтегі тәртібі, жауынгерлік даярлық көрсеткіштері, жеке рейтингі және 12 бейіндік пән бойынша тест нәтижелері есепке алынады. Бұл мәліметтердің барлығы «Срочники 2.0» ақпараттық жүйесінде жинақталады. Қазір онда Қорғаныс министрлігімен қатар Ұлттық ұлан, ҰҚК Шекара қызметі, Мемлекеттік күзет қызметі және Төтенше жағдайлар министрлігінің 145 мыңнан астам әскери қызметшісі туралы дерек бар.

2023 жылдан бері іске асырылып келе жатқан бұл жоба әскери қызметті аяқтаған жастардың білім алу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған.

Бұл өзгеріс әскери қызметке деген көзқарасты өзгертуді көздейді. Бұрын әскерден кейін жоғары оқу орнына түсу үшін бәрі қайтадан бірдей жолдан өтсе, енді әскери қызметтің өзінде көрсеткен нәтиже маңызды факторға айналып отыр. Яғни бір жылдық қызмет азаматтың болашақ білім алу мүмкіндігіне тікелей әсер етеді.

Сонымен бірге жаңа жүйе жауапкершілікті де арттырады. Өйткені сарбаздың тәртібі, жауынгерлік даярлығы және жеке рейтингі грантқа қол жеткізу мүмкіндігін анықтайды. Бұл әскери бөлімдердегі бағалау жүйесінің ашық әрі әділ болуын бұрынғыдан да маңызды етеді. Әйтпесе бір ғана рейтинг жас азаматтың болашағына ықпал етуі мүмкін.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл