| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                Әскери қызметшілерге қызметтік тұрғын үйді бөлу процесі цифрландырылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұрын әскери қызметшілерге тұрғын үй алу үшін қажетті құжаттарды рәсімдеу үшін көп уақыт пен күш жұмсау қажет болған: аудандық эксплуатациялық орталықтарға бару үшін қызметтен сұрану, кезекте тұру, құжаттарды қағаз түрінде жинау және тапсыру. Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиевтің сөзінше, бұл жүйе цифрландырылды.
- Қазіргі кезде жалға алу шартын есепке алу, жасасу және ұзарту толығымен цифрлық форматқа ауыстырылды. Біз мұны Egov порталына шығардық. Әскери қызметшілер Egov-тағы жеке кабинеттен алаңдамай, өтініш беріп, тұрғын үй алу процесін қадағалай алады, - деді Ахмедиев.