Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Әскери жоғары оқу орындарына қалай түсуге болады?
Жаңалықтар

Әскери жоғары оқу орындарына қалай түсуге болады?

21.02.2024
1 мин
0
855
Фото: ortcom.kz

2024 жылы әскери институттарға түсу үшін ҰБТ нәтижелерінің талаптарына тиісті өзгерістер енгізілді: ең төменгі өту балы - 50, бейінді пәндер бойынша да өзгеріс жоқ - 7 балл, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 2024 жылы Математикалық сауаттылық пен Оқу сауаттылығы бойынша сұрақтардың санын 20-дан 10 баллға дейін төмендеткендіктен оқу мен жазу сауаттылығы 5-тен 3 баллға дейін төмендеді.

«Бұл ережелерде мерзімді әскери қызметтегі азаматтарға әскери институттарға түсу емтихандарынсыз және ҰБТ тапсырмай түсу мүмкіндігі қарастырылғанын атап өткен жөн. Оқуға түсу квотасы жалпы қабылдау жоспарының 25% құрайды», - деді Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы Жұмабек Ахметов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар, жергілікті әскери басқару органдарының құжаттарды қабылдау мерзімі 10 маусымға дейін ұзартылды, құжаттарды әскери институтқа тапсыру мерзімі - оқуға түскен жылдың 15-31 шілде аралығында.
Азаматтар мен әскери қызметшілерді әскери институттарға қабылдау 1-20 тамыз аралығында бірнеше кезеңмен жүргізіледі: I кезең – кәсіби-психологиялық іріктеу; II кезең – әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу ережелеріне сәйкес қорытынды медициналық тексеру; III кезең – дене дайындығын тексеру; IV кезең – конкурстық іріктеу және тіркеу.
Қабылдау комиссиясының шешімі қабылдау жүргізілген жылдың 21 тамызында сағат 10:00-ге дейін жарияланады және әскери институттың интернет-ресурсында орналастырылады. Апелляциялық шағымдар 22 тамыз сағат 10:00-ге дейін қабылданады.
Қабылдау комиссиясының қабылдау туралы шешімі әскери институт бастығының бұйрығымен қабылданған жылдың 23 тамызында бекітіледі.

«2024 жылы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтына қолданыстағы мамандықтардан басқа «Әскери істегі Журналистика және жұртшылықпен байланыс» және «Әскери істегі дирижерлық» жаңа мамандықтары бойынша қабылдау жүргізу жоспарлануда», - деді спикер.
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл