Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
“Астана – Бурабай курорты” бағыты бойынша қосымша электр пойызы іске қосылды
Жаңалықтар

“Астана – Бурабай курорты” бағыты бойынша қосымша электр пойызы іске қосылды

30.07.2025
1 мин
0
147
Сурет: ҚТЖ

Туристер арасында танымал бағыттардың көлік қолжетімділігін арттыру және жолаушыларға жайлы жағдай жасау мақсатында "Жолаушылар тасымалы" АҚ "Астана-1 – Бурабай курорты" бағытында №6811/6812 қосымша қала маңы электр пойызын жолға шығарды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Электр пойызы әр сәрсенбіде қатынайды. Астанадан сағат 11:00-де шығып, 13:35-те Бурабай станциясына жетеді. Кері бағытта пойыз 14:15-те жолға шығып, 17:00-де Астанаға оралады.

Пойыз құрамында 4 вагон бар. Жолаушылар үшін 1, 2 және 3-сыныптағы қызмет көрсету түрлері қолжетімді. Вагондар кондиционерлермен, ауа тазарту жүйесімен, биоәжетханалармен, мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған арнайы орындармен, ыңғайлы орындықтармен, велосипед қоятын орындармен және Vputi.kz медиапорталына қолжетімді тегін Wi-Fi желісімен жабдықталған.

Қала маңы бағытындағы жолаушылар пойызына билеттерді жөнелтуге 10 күн қалғанда сатып алуға болады. Билеттерді https://bilet.railways.kz сайтынан немесе "Жолаушылар тасымалы" АҚ билет кассаларынан комиссиясыз алуға болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл