Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

"Астана" - "Челси" матчы: Орталық стадионның басқарушысы қызметінен босатылды

13.12.2024
мин
0
198
Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының Орталық стадионының басқарушысы "Астана" - "Челси" матчы алдында трибуналардың уақытылы тазаланбауына байланысты қызметінен қуылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жанкүйерлердің көпшілігі Конференция лигасының матчы басталар алдында Орталық стадион трибуналарындағы жағдайға наразылығын білдірді. Ондағы қар тазаланбаған болып шықты.

- Алматы Орталық стадионының батыс секторындағы алты қатардың (Орталық стадиондағы жалпы орын санының 2,7%-ы) арасындағы қардың уақытылы тазаланбауынан туындаған қолайсыздықтар үшін жанкүйерлерден кешірім сұраймыз. Болашақта осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында тексеріс жүргізіледі. Орталық стадион нысанының басқарушысы Бауыржан Жұмажанов қызметінен шеттетілді, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұл матчта "Астана" жеңіске жете алмады. Команда Конференция лигасының жалпы кезеңінің бесінші турында 1:3 есебімен қарсылас командадан жеңілді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл