| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Astana Media Week-2025 орталық алаңда басталып, үш күн бойы жалғасады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Биылғы медиа апталығы «Ұлтқа қызмет ету – медиа миссиясы» тақырыбында ұйымдастырылды.
Жиынға медиаэтика, деректі фильм түсіру, жасанды интеллектті қолдану, имидж менеджменті, цифрлық коммуникациялар және дата-журналистика саласындағы тақырыптар енгізілген.
Спикерлер қатарында Euronews, Anadolu Agency, TRT Avaz Channel, «Хабар», «Qazaqstan», Atameken Business, NUR.KZ және Өзбекстан, Түркия мен Еуропадан келген медиа сарапшылары бар.
Жиын барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, медиа саласын дамытудың жаңа бағыттарын талқылайды, сондай-ақ журналистер мен мамандарға арналған мастер-класстар ұйымдастырылады.
Бұл шара Қазақстан мен Орта Азиядағы медиа индустрияның дамуына жаңа серпін береді деп күтілуде.
