| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекет басшысының қолдауымен «Астана медицина университеті» ұлттық университет мәртебесін алды. Сонымен қатар оқу орнына Қазақстанның Еңбек Ері Төрегелді Шармановтың есімі берілді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Президенттің айтуынша, «Астана медицина университеті» еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі ретінде қалыптасып, цифрлық денсаулық сақтау мен биомедицина бағыттарын табысты дамытып келеді.
- Үкімет университеттің жетістіктерін ескере отырып, оны ұлттық мәртебеге көтеру туралы ұсыныс енгізген. Мемлекет басшысы бұл бастаманы қолдап, оқу орнының жаңа деңгейге көтерілуі орынды екенін атап өтті. Сонымен қатар астаналық университетке көрнекті ғалым, отандық тағамтану ғылымы мен профилактикалық медицинаның негізін салушы, Қазақстанның Еңбек Ері Төрегелді Шармановтың есімін беру орынды болар еді. Мұның символдық мәні де зор, — деді Мемлекет басшысы.
Бұл қадам еліміздің медициналық білім беру саласын дамытуға және тарихи тұлғаларды ұлықтауға бағытталған маңызды шешім ретінде бағаланып отыр.