| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
27 қазаннан бастап Nordwind әуе компаниясы Астана – Қазан – Астана бағыты бойынша тұрақты әуе рейстерін орындай бастайды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері Boeing 737 үлгісіндегі әуе кемелерімен жүзеге асырылады7
Жаңа бағыт Астана мен Қазан қалалары арасындағы тікелей әуе қатынасын қамтамасыз етіп, екі қала арасында қатынайтын жолаушылар үшін сапар мүмкіндіктерін кеңейтеді. Бұл бағыт туристерге, іскерлік сапармен жүретін азаматтарға, студенттерге және туыстарына баруды жоспарлаған жолаушыларға қолайлы болады.
Қазан – Ресейдің маңызды мәдени, білім беру және іскерлік орталықтарының бірі. Ал Астана Қазақстанға келетін туристер мен іскерлік сапармен келушілер үшін маңызды бағыт болып табылады.
Астана халықаралық әуежайы маршруттық желіні дамыту және халықаралық әуе қатынасының географиясын кеңейту бағытындағы жұмысын жалғастыруда. Әуежай отандық және шетелдік әуе компанияларымен ынтымақтастық орнату арқылы елорданың көлік қолжетімділігін арттыруға күш салады.