| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақмола облысында «Астана – Петропавл» автожолында болған жол апаты адам шығынымен аяқталды. Өртенген көліктен үш адам қаза тауып, тағы бір адам ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ақмола облысында «Астана – Петропавл» тасжолының Жаңаталап ауылы маңында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болды.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға орнына жеткен құтқарушылар көліктің толықтай отқа оранғанын анықтаған. Өрт сөндірілгенімен, салдарынан үш адам қаза тапқан.
Жол апатынан аман қалған бір адам түрлі дәрежедегі күйік жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Құтқарушылар оған жедел жәрдем келгенге дейін алғашқы медициналық көмек көрсеткен.
Қазір қаза болғандардың жеке басы анықталып жатыр. Сондай-ақ жол апатының нақты себептері мен мән-жайын құзырлы органдар тексеруде.