Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астана тұрғыны Сирияға барып, кәмелетке толмаған қыздарын тұрмысқа беруді көздеген
Жаңалықтар

Астана тұрғыны Сирияға барып, кәмелетке толмаған қыздарын тұрмысқа беруді көздеген

24.04.2025
1 мин
0
499
Сурет: istockphoto

Сириядағы террористік ұйымның әрекеттеріне қатысуға дайындалған Астана тұрғыны 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол Түркия арқылы Сирияға ұшпақ болған сәтінде Алматы әуежайында ұсталған, - деп хабарлайды Dauletten.kz елордалық прокуратураның ресми деректеріне сілтеме жасап.

Прокуратура өкілдерінің мәліметінше, күдікті Telegram мессенджері арқылы терроризмді насихаттайтын материалдар мен идеологиялық мазмұндағы ақпараттарды таратқан. Сонымен қатар, Сириядағы лаңкестік топтың құрамына қосылуға ниет білдірген.

- Басты сот отырысында айыпталушының Telegram желісінде діни себептермен қарулы қақтығыстарды қолдағаны және кәмелетке толмаған екі қызын террористік топ мүшелеріне күйеуге беру үшін Сирияға баруды жоспарлағаны анықталды.
Мемлекеттік айыптаушы сотқа нақты дәлелдер ұсынып, айыпталушының телекоммуникация құралдары арқылы терроризмді насихаттағанын және террористік ұйымның әрекеттеріне қатысуға дайындалғанын дәлелдеді, – деді прокуратура өкілдері.

Сот үкімімен ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Астана қаласының прокуратурасы азаматтарға террористік ұйым құру, оған басшылық ету немесе оның қызметіне қатысқан жағдайда 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін, ал терроризмді насихаттаған немесе террорлық әрекет жасауға үндеу таратқандар 12 жылға дейін сотталатынын және мүлкі тәркіленетінін ескертеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл