Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Астана – Жезқазған» бағытындағы пойызда қыз бала дүниеге келді
Жаңалықтар

«Астана – Жезқазған» бағытындағы пойызда қыз бала дүниеге келді

28.05.2025
1 мин
0
173
Сурет: КТЖ

27 мамыр күні таңертең "Астана – Жезқазған" бағытындағы №66 жолаушылар пойызында қыз бала дүниеге келді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жүктілігінің соңғы кезеңінде болған жолаушы Альвина Пернабаева сапар кезінде толғақ басталғанын сезіп, жолсеріктерден жедел көмек сұрады.

Пойыз бастығы Киікбай Маханов пен вагон жолсерігі Алтынай Ғафиуллина шұғыл түрде әрекет етіп, босануға қолайлы жағдай жасау үшін қызметтік нұсқаулыққа сай барлық қажетті шараларды қабылдады.

Сонымен қатар көмекке Сәтпаев қаласынан шыққан фельдшер мен балабақшада жұмыс істейтін жолаушылар да атсалысты. Пойыз бригадасы мен жолаушылардың үйлесімді әрекетінің нәтижесінде 06:20-де қыз бала дүниеге аман-есен келді.

Жеңіс станциясына жедел жәрдем тобы алдын ала шақырылып, пойыз келген бетте ана мен жаңа туған сәби медициналық бақылауға алынды.

Жаңа туған сәбидің әкесі Алихан Жаналин дер кезінде көмек көрсеткен барлық азаматтарға шын жүректен алғыс білдірді. Ол сондай-ақ, дүниеге келген қызына Асылым есімі берілгенін қуана хабарлады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл