Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астанада 8 жасар баланы көлік қағып кетті
Жаңалықтар

Астанада 8 жасар баланы көлік қағып кетті

20.12.2022
1 мин
0
1083

Елордада 8 жасар баланы көлік қағып кеткен көшеге қысқа мерзім ішінде жарық орнатылады, деп хабарлайды Dauletten.kz сайты қала әкімдігіне сілтеме жасап.

«Аталған мәселе бақылауда. Көше қысқа мерзім ішінде жарықтандырылады. Осыған дейін жарық уақытша схема бойынша берілген, себебі көшеге жарық орнату жұмысы толық бітпеген. Мәселе қысқа мерзімде шешіліп, жарық толық көлемде беріледі», - деп сендірді елорда әкімдігі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Астанада 8 жасар баланы көлiк қағып кеткен көшені тұрғындар бөгеп тастады.

«Бүгін сағат 17:50 шамасында «Toyota Highlander» автокөлігінің жүргізушісі Бұқар жырау көшесімен келе жатып, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған баланы қағып кетті. Жол апаты салдарынан 8 жасар бала қалалық ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің қарауынан кейін үйіне жіберілді. Баланы қағу оқиғасынан кейін жақын маңдағы тұрғындар жолды жауып тастады. Жиналғандармен әңгіме жүргізілді. Аталған учаскені жарықтандыру қажеттігі туралы ақпарат жергілікті атқарушы органға жеткізілді», - деген хабар таратты ІІМ.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
302
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл