Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Тәуелсіздік сарайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары VIII Cъезінің жұмысы басталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
VIІI Съезд жұмысына әлемнің шамамен 60 елінен 100-ден астам делегация қатысып жатыр. Олардың қатарында әлемдік діндердің рухани лидерлері, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар қауымдастығы және қоғам қайраткерлері бар.
Бүгінгі форумның басты тақырыбы – "Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия". Жұмыс барысында секциялық отырыстар форматында бірқатар өзекті мәселе қаралады.
Ал 18 қыркүйекте Тәуелсіздік сарайында Жас діни лидерлердің ІІ форумы өтеді.
Айта кетейік, 16 қыркүйекте Съезд аясында ҚР Парламенті Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Хатшылықтың XXIII отырысы өтті.