489.39
567.99
6.19
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
Спорт

Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді

04.03.2026
мин
0
58
Сурет: olympic.kz

Қазақстан тарихында алғаш рет семсерлесуден шпага бойынша Әлем кубогі кезеңі өтеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Халықаралық дода 26-29 наурыз күндері Астанадағы QAZAQSTAN жеңіл атлетика спорт кешенінде ұйымдастырылады. Жарысқа 96 елден 600-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланған.

Турнир ерлер және әйелдер арасында жеке және командалық сындар бойынша өтеді. Бұл бәсеке Халықаралық семсерлесу федерациясы (FIE) күнтізбесіне енген беделді жарыстардың бірі саналады. Дәстүрлі түрде Әлем кубогінің кезеңдерін Швейцария, Германия, БАӘ және Канада қабылдап келсе, биыл бұл тізімге алғаш рет Қазақстан қосылып отыр. FIE-нің турнирді Астанада өткізу туралы шешімі Қазақстанның Ұлттық семсерлесу федерациясының жұмысына және елдің ұйымдастырушылық әлеуетіне берілген жоғары баға деуге болады.

Сонымен қатар бұл бастама Орталық Азия өңірінде семсерлесу спортын дамытуға серпін беріп, Қазақстанды әлемдік деңгейдегі жарыстар өтетін жаңа орталықтардың біріне айналдыруға мүмкіндік ашады.

Айта кетейік, Қазақстан – өңірде осы спорт түрінен Әлем кубогін өткізу құқығына ие болған алғашқы мемлекет. Аталған додада ұлттық құрама сапында Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов өнер көрсетеді. Жалпы, әр дисциплина бойынша ерлер мен әйелдерді қоса есептегенде, 30-ға дейін отандық спортшы жүлде жолында бақ сынайды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл