| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                Астана қаласында жұмыс іздеп жүрген азаматтар үшін бос вакансиялар жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайтына.
«21 қазанда сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс берушілер ұсынған бос орындарға жұмыссыз азаматтарды орналастыру үшін жалпы қалалық бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді», делінген хабарламада.
Аталған жәрмеңкеге 50-ден астам жұмыс беруші қатысады деп жоспарлануда. 
Жәрмеңке Астана қаласы әкімдігінің «Жастар сарайы» МКҚК аумағында өтеді. Мекенжайы: Республика даңғылы, 34.