| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитін өткізуге орай 3 және 4 шілдеде Астанадағы балабақшалар жабылады, деп хабарлайды dauletten.kz.
Елордалық білім басқармасының хабарлауынша, Қазақстанның Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктерінің хатына байланысты елордада 3-4 шілде күндері мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істемейді.
ШЫҰ саммиті Астанада 3-4 шілдеде өтеді.
Онда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылайды.