Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанада өткен Дженнифер Лопестің концертінде тәртіп бұзу фактісі тіркелді. Кейін белгілі болғандай, бұл жағдайға полиция қызметкерінің жұбайы қатысты, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұған дейін Kozachkov offside Telegram-арнасы концерт кезінде бірнеше әйелдің арасында жанжал туындағаны туралы жазған болатын.
- Ең белсенді "ММА жауынгерін" стадионнан алып шықты. Кей деректерге сүйенсек, ол — Павлодар облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасарының жұбайы, — делінген жазбада.
Аталған ақпаратқа қатысты бүгін Астана қалалық Полиция департаменті түсініктеме берді.
- Концерт кезінде қоғамдық тәртіпті бұзған әйелге қатысты оқиға орын алды. Жанжалдың өршуіне жол бермеу мақсатында ол полиция қызметкерлерімен оқиға орнынан шығарылды. Тексеру нәтижесінде аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, бұл азаматшаның полиция қызметкерімен некеде тұрғанын хабарлаймыз. Алайда бұл жайт оның әрекетіне құқықтық баға беруге әсер етпейді. Әр азамат қоғамдағы мінез-құлқы үшін жеке жауапкершілік арқалайды. Барлық адам заң алдында тең. Ішкі істер органдары қызметкерінің отбасында болу ешқандай артықшылық бермейді. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында, — деп мәлімдеді ведомство өкілдері.