| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Әлеуметтік желіде Астанадағы тайғақ жол салдарынан ер адам құлап көз жұмды деген ақпарат тараған еді. Алайда бұл ақпарат фактілерге сай емес, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды. Басқарманың хабарлауынша, А108 көшесі, 20-үй маңындағы автобус аялдамасында ер адам ес-түссіз күйде табылған.
Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы оның биологиялық өлімі тіркелгенін хабарлады. Марқұмның мәйіті кейін полиция қызметкерлеріне тапсырылған.
Қалалық билік тұрғындарды жалған ақпаратқа сенбеуге және ресми хабарламаларға сүйенуге шақырды.